Бөлімнің құрылымы

Жакенова Сәуле ДулатқызыСҚО Тайынша ауданының жұмыспен қамту Орталығының директоры — Жакенова Сәуле Дулатқызы, 1965 жылы 2 қарашада туған, білімі жоғары, 2004 жылы Алматы қаласындағы экономика және статистика институтын бітірген, мамандығы экономист.

1984 жылдың маусым айынан 1985 жылдың қаңтар айына дейін. Көкшетау қаласында облыстық МТҚ базасында тауарларды іріктеуші. 1985 жылдың ақпанынан 1988 жылдың қазан айына дейін Көкшетау облысының Көкшетау автобус паркінің кассирі.

1988 жылдың қараша айынан1993 жылдың қараша айына дейін Көкшетау облысы Көкшетау қаласының облыстық статистика басқармасының экономисі, операторы, бөлім инженері. 1994 жылдың сәуір айынан 2002 жылдың ақпанына дейін СҚО Тайынша ауданының «Кантемировец» совхозының диспетчері, бригадир көмекшісі, совхоз бухгалтері.

2003 жылдың шілде айынан 2004 жылдың қазан айына дейін «СҚО Тайынша ауданы Қантемір селолық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы.

2004 жылдың қазан айынан 2010 жылдың желтоқсан айына дейін СҚО Тайынша ауданы Қантемір селолық округінің Әкімі.

Директордың телефоны: +7(715-36) 23-6-85
Маман — бухгалтер: Чернорезова Ирина Владимировна +7(715-36) 23-3-47, +7(7152) 500-586
Бөлім бастығы: Бондарь Татьяна Ивановна +7(715-36) 23-3-47, +7(7152) 500–586
Мамандар: +7(715-36) 23-3-47, +7(715-2) 50-08-60

2020 жылдың 2 тоқсанына Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту Орталығы директорының азаматтарды жеке қабылдау кестесі

Т.А.Ә. Лауазымы Қабылдау күндері Қабылдау уақыты
Жакенова Сәуле Дулатқызы жұмыспен қамту Орталығының директоры Дүйсенбі 10.00 сағаттан 13.00 сағ. дейін
Сәрсенбі 10.00 сағаттан 13.00 сағ. дейін
жұмыспен қамту Орталығының мамандары Күн сайын 9.00 сағаттан 18.30 сағ. дейін.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібіЕскерту: кесте тоқсан сайын бекітіледі.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер аудармашы — іс жүргізуші маманмен тіркеуге алынады және мемлекеттік органмен бекітілген тәртіпте есепке қойылады.

Жеке және заңды тұлғалардың хаттарына басшылықтан берілген тапсырманы орындау мерзімі тіркелген өтініштің күнінен бастап есептеледі және бекітіледі:

  • Мемлекеттік органдар, ақпарат алуды талап етпесе 15 күнтізбелік күннен кем емес;
  • Ақпарат алуды талап ететін немесе орындарға шығып тексеру жүргізуді талап ететін субьектілерден 30 күнтізбелік күннен кем емес;
  • Қосымша зерделеу немесе тексеру кезінде өтінішті қарау мерзімі 30 күннен артық емес ұзартылуы мүмкін;
  • Жеке тұлғаны және заңды тұлғаның өкілдерін қабылдау есебі есепке алу Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Негізгі қызметтері мен мәселелері

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап құрылған және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін саладағы мемлекеттік басқару қызметтерін аудан әкімдігінің өкілеттігімен іске асыратын атқарушы орган болып табылады.

Халықты жұмыспен қамту саласында:

1.Өз бетінше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз, табысы аз адамдарды ұтымды жұмыспен қамтуға тарту;

2. 2010–2014 жылдары Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық инновациялық бағдарламасын іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;

3. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру;

Қосымша мәліметтер:

1. Өз бетінше жұмыспен айналысушы, жұмыссыз және табысы аз адамдарды оқыту, олардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету мыналарды қамтиды:

  • Оқу және жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде консультациялар беру;
  • Стипендияның сақталуымен біліктілігін арттыру, кәсіптік дайындық және қайта дайындау тегін курстарына жолдама беру. (әрі -қарай -кәсіптік оқыту);
  • Оқитын адамдарға (оқу орнына бару және кері қайту жолақысын, жатақханада тұру немесе тұрғын үй жалдауына қатысты (жалға алу) шығыстарын өтеуге субсидия беру;
  • Тиісті бос жұмыс орындарын іздестіру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу (соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына);
  • Жұмыспен қамтуды қолдаудың белсенді шараларына қатысушы жеке тұлғалардың жалақыларын төлеуге жартылай субсидия беру;
  • Психологиялық бейімдеу.

Бағдарламаға қатысу үшін өз бетінше жұмыспен айналысушы, жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар жұмыспен қамту Орталықтарына өтініш береді.

Өтініш беру кезінде мына құжаттар ұсынылады және қоса беріледі:

  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, төлқұжаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі;
  • Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТТН) және әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
  • Тұрақты тұрғылықты жері жөнінде тіркеуін растайтын құжаттың көшірмесі. (азаматтарды тіркеу кітабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
  • Еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын басқа құжат (еңбек қатынасында тұрған қызметкерлер үшін);
  • білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат және басқалар) көшірмелері;
  • Өкілетті органмен расталған кірісі туралы анықтама немесе Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің «Зейтақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дерекқорынан өтінушінің келісімімен алынған, кірісі туралы анықтама көшірмесі;
  • Денсаулық жағдайы туралы анықтама (денсаулық сақтау саласында өкілетті органмен бекітілген нысанға сәйкес).

2. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау:

Өзінің жеке істерін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған кәсіпкерлікті тұрақтандыру.

Бағдарламаның осы бағытына ауыл кәсіпкерлері мен өз ісін ұйымдастырғысы келетін және өз бетінше жұмыспен айналысатын мүмкіндігі бар, жұмыссыз және табысы аз азаматтар қатарындағы жеке тұлғалар қатыса алады. Қатысуға басым бағыт ауылда өз ісін ұйымдастырғысы келетін әйелдерге беріледі.

Осы бағыттың шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мына түрлері көрсетілетін болады:

  • Микрокредиттер беру;
  • Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
  • Консультативтік қызмет көрсету;
  • Кәсіпкерлік негіздерін оқыту.

Өтініш беру кезінде мына құжаттар ұсынылады және қоса беріледі:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, төлқұжаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралманның куәлігі);
  • салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТТН) және әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
  • Тұрақты тұратын жері жөнінде тіркеуін растайтын құжаттың көшірмесі. (азаматтарды тіркеу кітабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
  • Еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын басқа құжат (еңбек қатынасында тұрған қызметкерлер үшін);
  • білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат және басқалар) көшірмелері;
  • Отбасы құрамы жөнінде анықтама;
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама(денсаулық саласында өкілетті органмен бекітілген нысанға сәйкес);
  • өтініш берушінің келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның дерекқорынан алынған, уәкілетті орган куәландырған табысы туралы анықтама немесе табысы туралы үзінді көшірмесі;
  • Өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту жөнінде осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бизнес-ұсыным;
  • осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоба үшін жеткіліксіз инфрақұрылымды дамытуды жайластыруға өтінім (керек болған жағдайда.

Өз ісін кеңейтуді жоспарлаған тұлғалар, растайтын қосымша құжаттарды ұсынады:

  • бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер жөнінде берешегі жоқтығы туралы;
  • төлем қабілеттілігін (адам қызметін пайдаланатын екінші-деңгейдегі банктің немесе оның филиалының қолы қойылған және мөрі басылған адамның банктің немесе оның филиалының алдындағы (адам бірнеше екінші-деңгейлі банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, мұндай анықтама осы банктердің әрқайсысынан беріледі) міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берген күннің алдында үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегі жоқ екені туралы анықтамасының түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

3. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

Осы бағыт экономикалық өсу әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық өсу орталықтарына Қазақстан Республикасы азаматтарының өз еркімен көшуін қолдау арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын қарастырады.

Бағдарламаның үшінші бағытын іске асыруға қатысудың басым бағыты ауыл жастарына берілетін болады.

Осы бағыттың шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мына түрлері көрсетілетін болады:

  • бір ауданның шеңберінде отбасылардың қоныс аударуы кезінде көшуге көрсетілетін субсидия — отағасына 10 МЕК және отбасының мүшелеріне- 5 МЕК, облыс көлемінде отбасылар қоныс аудару кезінде — отағасына 25 МЕК және отбасы мүшелеріне 15 МЕК;
  • қызметтік тұрғын-үй беру;
  • кәсіптік оқыту курстарына жіберу және тұрғылықты жаңа орында еңбекке орналасуына көмектесу;
  • психологиялық бейімдеу.

Бағдарламаға қатысу үшін экономикалық өсу әлеуеті төмен елді-мекендерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда және елордада тұратын Қазақстан Республикасының өз бетінше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз және табысы аз азаматтары жұмыспен қамту Орталықтарына өтініш береді.

Азаматтардың және оның отбасымен бірге тұратын мүшелерінің мынандай құжаттары өтінішке қоса беріледі:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, (отбасының кәмелетке толған мүшелеріне Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне туу туралы куәлігінің көшірмесі);
  • салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (ЖСН, СТТН);
  • әлеуметтік жеке кодының көшірмесі (ӘЖК);
  • тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуін растайтын құжаттың көшірмесі, (халықты тіркеу кітабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкімдер анықтамасы);
  • еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек қызметін растайтын басқа құжат (еңбек қатынастарында тұратын қызметкерлер үшін);
  • білімі туралы құжаттың көшірмесі (диплом, аттестат, куәлік), сонымен бірге білімі мен біліктілігін растайтын басқа құжаттар;
  • өтініш берушінің келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дерекқорынан алынған, уәкілетті орган куәландырған табысы туралы анықтама немесе табысы туралы үзінді көшірмесі;

«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (ZIP 55 Kb)

Мақаланы құрған күні 21.11.2019 09:10

Мақаланы жаңартқан күні 23.04.2020 15:03

Послание президента РКПремьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области